Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Құрбан айтта 4925 отбасыға ет үлестірді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 23.07.2021 2530 0 пікір
Алматы: Құрбан айтта 4925 отбасыға ет үлестірді

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асқан «QURBAN-2021» онлайн қайырымдылық акциясы аясында Алматы қаласында 703 уақ мал (520 қой, 183 ешкі), 37 ірі қара (сиыр) құрбандыққа шалынып, 3163 отбасыға 19 тонна (19.610 кг) және 24 мекемеге (3,2 тонна) құрбандық еті таратылып, көмек көрсетілді. 

Одан өзге қала мешіттеріне тұрғындар тарапынан 10 тоннаға жуық (9,947 кг) ет әкелініп, 1762 отбасыға үлестірілді. Жалпы алғанда 4925 отбасына 29 тоннадан астам етпен қамтылды.

Бұл көрсеткіш Құрбан айттың үш күнінде онлайн құрбандық шалу рәсімін карантиндік талаптарды сақтау үшін іске қосылған Qurban2021.kz сайты арқылы жүзеге асты. Яғни, қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізілді. 

Құрбандық етін қуана қабыл алған қала тұрғындары да онлайн қайырымдылық шарасын ұйымдастырғандарға Алланың разылығы мен сауабын тіледі.   

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру