Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сәтбаев ауылында «Көшербай абыз» мешіті ашылды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 19.07.2021 2185 0 пікір
Сәтбаев ауылында «Көшербай абыз» мешіті ашылды

Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Сәтбаев аулында жаңа зәулім мешіт ауыл халқына есігін айқара ашты.

Мешіттің салтанаты ашылуына Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы, Баянауыл ауданының имамы Саян Кожин және ауыл әкімдігінің қызметкерлері, ауыл халқы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қаласында қызмет етіп жүрген жерлес, тілеулес тумалары келіп қатысты.

Мешітке осы өңірде белгілі болған діни тұлға «Көшербай абыз»-дың аты берілген.

Мешітті осы ауылдың тумасы Әліпбаев Сабыр ағамыздың әулеті негізгі қаражатын шығарып ұйытқы болып салып бітірді. Әлбетте ауыл халқы да тайлы-тұяғы қалмай бұл сауапты іске өз үлесін қосқаны белгілі.

Мешіт ауласында өткен салтанатты шарада облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы мешіт тек халықты намазға шақыратын ғибадат орны ғана емес, тәрбиелейтін, имандылыққа ұйытатын Алланың үйі екендігі туралы уағыз айтып, Әліпбаев Сабыр ағамызды алғыс хатпен марапаттап, дәстүр бойынша иығына шапан жапты. Ауылдың қадірлі ақсақалдары мен апалары ақ батасын беріп, алғыс шашуларын шашса, өңіріміздің бас ақыны Аспанбек Шұғатаев бастатқан өнерлі жастар ән-терме, жыр-күйлерін саулатты.

Жаңа мешітте діни рәсімдер өткізетін арнай асханасы, жылы маусымда намаз жүргізілетін аспальтталған кең ауласы бар. Мешіттің сыйымдылығы 200 кісілік, имамға арналған бөлмесі, дәрет алатын, жуынатын орны, жылыту құрылғылары толық орнатылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру