Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет өңірдегі аудандар мен қалалардың тыныс-тіршіліктерімен танысуды жалғастыруда.
Бас имам облыс орталығынан шалғайда жатқан Жітіқара қаласында болды. Аудандық «Ержан Тәтішев» атындағы мешіттің имамымен кездесіп, алда келе жатқан Құрбан айтқа дайындық және сол кезде жүзеге асырылатын іс-шараларды талқылады.
Сонымен қатар Бахытбек Нұрғабылұлы аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөйлесіп, жаңадан тағайындалған дін саласы қызметкерлерінің міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ басқа да маңызды істер пысықталды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
13.07.2021
2469
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру