Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму»: Еліміздегі ең ірі сауда орны тексерілуде

halaldamu.kz 09.07.2021 3185 0 пікір
«Халал Даму»: Еліміздегі ең ірі сауда орны тексерілуде

«Халал Даму» еліміздегі ең ірі сауда орындарының бірі «Magnum Cash & Carry» супермаркет, гипермаркет және шағын форматтағы дүкендеріндегі ет және шұжық өнімдерін тексерістен өткізуде.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының тікелей қатысуымен жүргізілген ревизорлық бақылау барысында Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары, Алматы облысындағы «Magnum Cash & Carry» сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдері тексерілді. 

«Magnum Cash & Carry» – серпінді дамып келе жатқан еліміздегі ең ірі  сауда желісі. Кәсіпорын 2007 жылдың 14 қыркүйегінде құрылып, дәл сол кезде «Magnum»-ның  алғашқы дүкені ашылды. Негізгі қызметі – халық кең тұтынатын тауарларды қолжетімді бағамен, жоғары сапада ұсыну. Мұндағы баға орташа есеппен нарықтық бағадан бірнеше пайызға төмен. Еліміздің 10 қаласында бірнеше сауда орындары бар  «Magnum Cash & Carry»  сауда орнында күніне 300 000  мың тұтынушы сауда жасайды. Тұтынушылардың сұранысы және «Magnum Cash & Carry»  кәсіпорнының ұсынысмен аталған сауда орындарын бақылау-қадағалаудан өткізуді жөн көрдік. Қазіргі таңда, «QMDB HALAL» стандартына сәйкес сертификаттау үшін қажетті жұмыстар жасалуда. Сертификаттауға қатысты өзге де жаңалықтармен алдағы уақытта  бөлісеміз» деп мәлімдеді Айбек Асқарбекұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру