Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Медреседегі жазғы курсты тәмамдады

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 09.07.2021 2712 0 пікір
Тараз: Медреседегі жазғы курсты тәмамдады

Биыл Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде жазғы маусымға арналған мектеп жасындағы балаларға сауат ашу курсы ұйымдастырылды.

Жазғы имани лагерде 3 топта 50-ден аса шәкірт діни сауат ашып, тәлім алып шықты. Оларға медресенің 3-курс студенттері мен «Нұр-Мүбарак» университетінің педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенті сабақ берді.

Шәкірттер сенім, ғибадат, әдеп, Құран әліппесі пәндері бойынша дәріс алды. Бүгін де курс мәресіне жетіп, оқушылар сынақ емтиханын тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру