Отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында құрылған ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасы аясында «Маңғыстау – Ихсан ілімі қанат жайған рухани өлке» атты ақпараттық-танымдық, рухани дала семинары өтті.
Облыстық деңгейде өткен іс-шараға Маңғыстау аймағының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, өлкетанушы Нұрлан Құлбай, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының басшысы Азамат Нұғыманұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Құдайбергенұлы, облыстық қажылар бірлестігінің төрағасы Асқар Маймақов және өңірімізге қарасты қала, аудан имамдары қатысты.
Әнуар Ізімбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ихсан іліміне ерекше көңіл бөлініп жатқанын, оның жаңадан басталған дүние, ата-бабамыздың ғасырлар бойы осы ұстанып келген рухани тәрбие жолын екенін тілге тиек етті. «Бекет атадан бастап Ержан хазіретке дейінгі тұлғалар осы Ихсан ілімін ұстанған. Сол себепті Маңғыстау түбегін бұл ілімнің қазақ даласындағы қайнар көзінің бірі десек, қате айтпаймыз. Осындай жерлерде өтіп жатқан іс-шаралардың лебі де ерекше болатынын ескергеніміз жөн» деді бас имам. Сондай-ақ Әнуар Ізімбайұлы ҚМДБ тарапынан жақында ғана қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарының маңызына тоқталды.
Өлкетанушы Нұрлан Абызұлы Сұлтан үпі жерасты мешіті секілді діни сəулет өнері ескерткіштірінің ерекшелігіне тоқталды. «Далада өтіп жатқан діни семинарға алғаш рет қатысып отырмын. Дін қызметкерлерінің Маңғыстау тарихына қызығушылық танытуы, оны білуі – өте қажет дүние. Себебі осы топырақта Ислам діні кеңінен насихатталды. Имамдарымыз дін мен дәстүрді, дін мен тарихты, дін мен шежірені қатар алып жүрсе, кейінгі ұрпақ жат ағым жетегінде кетпейді. Осындай дүниелер жалғасын таба берсін» деді өлкетанушы.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
03.07.2021
3719
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру