Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Жазғы сауат ашу дәрісі тәмамдалды

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ihsan.kz 01.07.2021 1955 0 пікір
Қарағанды: Жазғы сауат ашу дәрісі тәмамдалды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанындағы бір айға жалғасқан жазғы сауат ашу дәрісі мәресіне жетті.

Отыз күн оқу ізденіп, асыл дініміздің білім нәрімен сусындаған жас шәкірттер мұнда ұстаздардан тәлім алып, Құранның қысқа сүрелерін жаттап, дұға оқуды үйреніп, Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар жолдады.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде бір ай дәріске қатысқан шәкірттерге мешіттің наиб имамы Қоныскерей Хумар облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының арнайы алғыс хатын табыстап, өзекжарды лебізін білдірді.

Шәкірттерге ілім алудың маңыздылығын насихаттап, шәкірт оқытудағы ерен еңбектің дәмін татып жүрген мешіт ұстаздарына алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру