Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауға Президент кеңесшісі келді

beket-ata.kz 01.07.2021 2190 0 пікір
Маңғыстауға Президент кеңесшісі келді

Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Маңғыстау өңіріне келді. Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов Президент кеңесшісімен жүздесті.

Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал талқыланып, дін қызметкерлерінің атқарып жатқан әлеуметтік бастамалары сөз болды.

Әнуар Ізімбайұлы Маңғыстау өкілдігінің биыл ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, діни ағымдармен жұмыс бағыттары бойынша қызмет атқарып жатқанын айтып өтті.

Соның ішінде діни оңалту және жат ағымдарға қарсы жұмыс жүргізіліп, әсіресе «Жусан» операциясы арқылы елге оралған азаматтарға ерекше көңіл бөлініп жатқанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ бас имам ҚМДБ отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын қолға алғанын, осы бағытта өкілдік тарихи-киелі нысандар жанынан ұлттық құндылықтарға негізделген ақпараттық-танымдық, рухани семинарлар ұйымдастыру ды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру