Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Жұмыстың жеті бағыты пысықталды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 30.06.2021 2471 0 пікір
Алматы: Жұмыстың жеті бағыты пысықталды

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Наурызбай ауданы имамдарымен «Әбу Бәкір» мешітінде жүздесіп, ауданға қарасты 6 мешітті толық аралап шығып, олардың тыныс-тіршілігімен жіті танысты.

Бас имам кездесу барысында күн тәртібіндегі мешіт істеріне қатысты маңызды мәселелерге тоқталып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағыты мен аудан мешіттерінің жылдық жоспарын пысықтады. Сондай-ақ, мешіт қызметкерінің жұмыс тәртібі, мешітке келушілерге қызмет көрсету сапасы, уағыз-насихат пен қайырымдылық, оқу-ағарту мен оңалту бағыттарын жандандыру жайы сөз болды.

Одан бөлек Бас мүфтидің бастамасымен жарық көрген «Ихсан рухани – тәрбие негізі» кітабы таныстырылып, жамағат арасында кеңінен насихаттау мәселесі айтылды.  

Сонымен қатар бас имам Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Алматы – шетсіз қала» бастамасына үн қосып, Наурызбай ауданы мешіттерінің тұрғылықты жерлеріне қарамастан, халыққа көрсететін қызметін жоғары деңгейге көтеру керектігін ұқтырды.

Осыған орай, Наурызбай ауданындағы мешіттердегі қызметтің сапасын жетілдіру керектігін ескертті.

Кездесу барысында аудан имамдары өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ойларын айтты.

Бас имам ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысу барысында кейбір мешіттердің қызметін жетілдіруге қатысты сын-ескертпелерін айтып, тиісті тапсырмаларын берді.  

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

  

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру