Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: БАҚ өкілдері жасыл алаңда доп тепті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 30.06.2021 2198 0 пікір
Маңғыстау: БАҚ өкілдері жасыл алаңда доп тепті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешіті Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай шағын футболдан турнир өтті.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының бастамасымен БАҚ өкілдері арасында өткен спорттық шараға «Маңғыстау» телеарнасы, «Ақтау» телеарнасы, Маңғыстау Медиа, Әкімшілік Медиа, облыстық орталық «Бекет ата» мешіті және қалалық «Бекет ата» мешітінің командалары қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды «Маңғыстау» телеарнасының ұжымы иеленсе, ІІ орынды «Ақтау» телеарнасының ұжымынан құралған команда еншіледі. Ал, ІІІ орынды Маңғыстау Медиа құрамасы қанжығасына байлады. Жеңімпаз командаларға дипломдар және арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай, Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұйытқы болуымен футбол жарысы өтті. Кәсіби футболшы болмасақ та, ойындар өте тартысты, бәсекеге толы болды. Ұйымдастырушы имамдарға алғысымызды білдіреміз», деп айтты «Маңғыстау ТВ» командасының капитаны Нұрлан Үсен.

«Бұндай жарыстар арамыздағы ынтымақтастықты, достықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Алдағы мерекелерде де, осындай спорттық іс-шаралар көп болсын. Облыстық орталық мешіт ұжымына алғыс айтамыз» деді Маңғыстау Медиа құрамасының капитаны Мейіржан Отарбайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру