Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: БАҚ қызметкерлері марапатталды

muslim.kz 29.06.2021 2063 0 пікір
Нұр-Сұлтан: БАҚ қызметкерлері марапатталды

БАҚ қызметкерлерінің мерекесіне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты баспасөз саласының мамандарына арналған мерекелік жиын ұйымдастырылды.

Шаһар бас имамы Ерболат Жүсіпов елорда өкілдігіне қарасты Muslim.kz, Ummet.kz, Sunna.kz сайттарының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатын табыстады.

Елорда өкілдігіне қарасты үш сайттың да бүгінгі таңда ғаламтор бетінде өзіндік орны мен оқырманы қалыптасқанын, бұл жетістік сайттағы барша ұжымның – журналист пен оператордың, монтажер мен дизайнердің бірлесе атқарған еңбегінің арқасы екенін атап өткен Бас имам өз ризашылығын білдірді.

Жиын соңынан қызметкерлерге арнайы мерекелік дастархан жайылып, өкілдік тарапынан құрмет көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру