Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Хромтау жамағатымен жүздесті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 29.06.2021 2376 0 пікір
Ақтөбе: Хромтау жамағатымен жүздесті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Хромтау ауданының дін қызметкерлері ұйымдастырған жиынға қатысты. Айлық есеп беруге арналған іс-шара «Нұр» мешітінде өтті.

Аудандық мешіт жамағаты облыстан келген имамның насихатын ұйып тыңдады. Нұрбол Берікболұлы жас жамағатқа жастық шақтың қадірі туралы тартымды да, тағылымды уағыз-насихат айтты. 

Асыл дініміз Исламда жастық шақ – Алланың адам баласына тарту еткен қайтып оралмас ең қымбат сыйы, ұлы нығметі деп бағаланатынын айта келе, Хақ елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі де ғибратты хадистеріне тоқталды.

Сондай-ақ мешітке жиналған жамағаттың аудандағы жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаратын негізгі үлгілі мұсылман болу керектігін айтып, Ислам дініне қызмет ету мен білім алудың маңыздылығын жеткізді. Әрқашан имамдармен бірге болып, бірлік пен ынтымақтан ажырамауға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру