Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Балалар жазғы сауат ашу курсына қатысты

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 29.06.2021 1880 0 пікір
Қостанай: Балалар жазғы сауат ашу курсына қатысты

Қостанай облыстық мешітінің ұйытқы болуымен үш апта бойы жазғы діни сауат ашу курсы ұйымдастырылып, 40-қа жуық бала оқыды.

Балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу үшін қолайлы жағдай туғызылды. Ислам дінінде балаға берілетін тәрбиенің орны қашан да бөлек. Дәріс барысында балалардың ой-өрісін кеңейту, талғамын арттыру мақсатында өнегелі жұмыстар атқарылады. Атап айтқанда, шәкірттерге Құран әліппесі, Пайғамбар өмірбаяны, сенім мәселесі және Исламдағы 100 сұраққа байланысты дәріс өткізілді.

Жазғы діни сауат ашу курсы барысында балалар Ислам әдебін меңгерді, салауаттар мен дұғалар жаттады. Қыздарға «Сарыағаш» медресе-колледжінің түлегі Әйгерім Қойшиева мен облыстық мешіттің ұстазы Жансая Халим тағылымды білім берді. Ал ер балаларға Нұр-Мүбарак университетінің 2-курс студенттері Бекзат Қапар мен Әлинұр Балахмет білгенін үйретіп, олардың тиянақты білім алуы үшін барын салды.

Есте қаларлық қызықты спорттық ойындар өткізіліп, қол өнерін шыңдауға назар аударылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру