Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: 433-үйдің кілті берілді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 29.06.2021 2506 0 пікір
Маңғыстау: 433-үйдің кілті берілді

Маңғыстау ауданы Шайыр ауылында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 433-үйдің кілті берілді.

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен Шайыр ауылдық мешітінің имамы Құралбек Шоқанбаевқа бірнеше бөлмелі үлкен үй сатып алынды. Ұзақ жылдан бері дін саласында қызмет етіп жүрген көпбалалы отбасының өз баспанасы болмағандықтан, мешіт жанындағы ескі үйде тұрып  келген болатын.

«ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мешіт қызметкерлерін қолдау қолға алынып, имамдарды баспанамен қамту жүзеге асырылуда. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бүгінгі шара – соның бір дәлелі. Бұған дейін Боранқұл ауылдық мешітінің және Маңғыстау аудандық мешітінің имамы баспанаға қол жеткізген болатын» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Құрбанбек  Абдалиев.

Бұл Ақтау мешітінің ұйымдастыруымен сатып алынған алғашқы үй емес.  Жақында ғана Ақтауда баспанаға зәру Дүйсенғалиевтар отбасы жаңа тұрғын үйге көшірілген болатын. Алдағы уақытта мұндай игі істер жалғасын тауып,  мұқтаж жандар назардан тыс қалмайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру