Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Екі отбасыға баспана берілді

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 28.06.2021 2432 0 пікір
Талдықорған: Екі отбасыға баспана берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен қолға алынған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы көптеген мұқтаж отбасыларды қуанышқа бөлеп келеді. Талдықорған өңіріндегі қор өкілдері осыған дейін де Жетісу жеріндегі тұрмысында қиыншылығы бар көптеген жетім-жесір, мүгедек адамдардың үйлі болуына үнемі қол ұшын берді. Маусым айының соңғы жұмасында Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылындағы тағы екі отбасыға баспана кілті табыс етілді.

«Ел үлесі – пәтерге» акциясының Талдықорған өңіріне жауапты өкілі Болат Жұмағалиевтың айтуынша, бұл жолғы үй«Зекет және қайырымдылық» қоры арқылы өңірі бойынша 77, 78-баспана беріліп отыр.

Үйлердің бірі аймақтағы аты-жөнін жарияламауды сұраған бір азаматтың зекетке берген қаржысына сатып алынып, баспана тұрмысында қиыншылығы бар көпбалалы жалғызбасты анаға берілді.

Сонымен қатар, үйлі болған бұл отбасыға Әйел-қыздар секторы тарапынан тұрмыстық жабдықтар мен бір миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Ал, екінші баспана өткен жылы үйі өртеніп, жарымен бір баласынан айырылған Нұрлан Дәнеқолла есімді азаматқа арнап жаңадан салынып берілді.

Жаңа үй иелері жиналған қауымға және өзінің баспаналы болуына көмек қолын созған азаматтарға айырықша алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру