Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сарыағаш медресе-колледжінде қорытынды емтихан өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 28.06.2021 2926 0 пікір
Сарыағаш медресе-колледжінде қорытынды емтихан өтті

Түркістан облысында орналасқан Сарыағаш медресе-колледжі түлектерінің қорытынды емтиханы өтті.

Комиссия төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші түлектерге ыстық сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Сондай-ақ емтиханды ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры, арнайы пән оқытушысы Қанат Жұмағұл, Шымкент медресе колледжінің оқытушысы Өмірбек Сәрекеев, Сарыағаш медресе-колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, арнайы пән оқытушысы Нұралы Төребеков және осы білім ошағының арнайы пән мұғалімдері Нұрали Еркебаев, Перизат Бурисова, Нұржамал Сманова мен Жүсіпхан Жакипов қабылдады.

Шәкірттер Құран, фиқһ, араб тілі пәндері бойынша жинаған ілімін ортаға салып, сынақтан өтті. Айта кетейік, биыл медресе колледжін 186 түлек тәмамдап жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру