Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Түлектер емтихан тапсырды

abu-hanifa.kz 22.06.2021 2714 0 пікір
Алматы: Түлектер емтихан тапсырды

Алматыдағы Әбу Ханифа медресе-колледжі түлектерінің қорытынды емтиханы өтті.

Биыл мемлекеттік емтихан әлемдік пандемияға байланысты шәкірттермен онлайн негізде жүргізілді. Емтиханды комиссия төрағасы, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл, комиссия мүшелері – Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұстазы Мұратқалы Түлкібаев және медресе-колледж директоры Құлмұхаммед Маханбет қабылдады.

Сөз кезегінде комиссия төрағасы Хасан Аманқұл ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші тілектерге ыстық сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Шәкірттер Құран, фиқһ, араб тілі пәндері бойынша жинаған ілімін ортаға салып, сынақты ойдағыдай тапсырды. Айта кетейік, биыл медресе-колледжімізді 37 түлек тәмамдап отыр. Үздік бітірген шәкірттер білімін ары қарай жалғастырады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру