Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Сауат ашу орталығы ашылды

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ihsan.kz 22.06.2021 2573 0 пікір
Қарағанды: Сауат ашу орталығы ашылды

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы Балқаш қаласындағы іс-шараларға қатысты.

Алғашқысы «Теміржолшылар» мешіті жанынан сауат ашу орталығы ашылды. Мұнда шәкірттер дәріске қабылданып, діни сауат ашып, қарилар дайындалады. Өмірзақ Қазкенұлы орталықтың ашылу салтанатына қатысып, білім ордасынан тәлім алатын жастарға ізгі тілегін білдірді.

Одан кейінгі игі шараның бірі Сұрыптау елдімекенінде жүзеге асты.  Мұндағы берекелі іс – мешіт құрылысы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал қаланың өте жаман орындары – базарлары», – дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған, Хакім Абай айтқандай, «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман-үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Ал мешіттің қабырғасынан діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәрбие ордасы. Осы орайда облыс бас имамы аймақтағы салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты. Сондай-ақ сауапты һәм шарапатты істің басы-қасында жүріп, берекелі істі қолға алған Қанат Өскенов есімді кәсіпкерге алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру