Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Имамдар арасында футбол турнирі өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 22.06.2021 2563 0 пікір
Шымкент: Имамдар арасында футбол турнирі өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Шымкент қаласы күніне орай ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен мешіт имамдары мен жергілікті әкімдіктің құрама командалары арасында футбол турнирі өтті.

Ойын алдында қаланың бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен қалалық Дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев арнайы сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа барлығы 6 команда қатысты. Атап айтқанда, «Ақмешіт», «Номад», «Абай», «әл-Фараби», «Еңбекші» және «Қаратау» командалары тартысты ойын көрсетті.

Ойын нәтижесі бойынша «әл-Фараби» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынға «Еңбекші», үшінші орынға «Абай» командасы ие болды. Турнир қатысушыларына «Үздік команда», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» және «Үздік көрермен» т.б аталымдар бойынша алғыс хаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру