Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Бас имам медресе тынысымен танысты

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 21.06.2021 2824 0 пікір
Ақтөбе: Бас имам медресе тынысымен танысты

Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Бестамақ елдімекенінде орналасқан «Ақтөбе» медресе-колледжіне арнайы іссапармен барды.

Бас имам алдымен медресе-колледждің оқу ғимараты, жатақханасы және жанынан салынған спорт кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты. Одан соң рухани білім ордасында діни білім алып жатқан бірінші және екінші курс студенттерімен кездесті. Ислам білімінен сусындап нәр алып жатқан шәкірттерге білім алудың артықшылығы мен сол жолда ықылас және ниеттің маңыздылығын түсіндірді. Болашақ дін қызметкерлеріне батасын беріп, оларға білім жолында сабырлық пен қажымас қайрат тіледі. Өз кезегінде шәкірттер арнайы келген бас имамға сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Кейін аталмыш Бестамақ елдімекенінде құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі тұрған болашақ қыздар медресесінің ғимаратымен танысты.

Сонымен қатар, «Ақтөбе» медресе-колледжінің қарамағындағы егін және мал шаруашылығы орналасқан орталықтарды аралады. Оқу орнының директоры, ұстаз Әбдімүтәлі Дәуренбеков:

«Көкөністерді өсіріп, жылқы малын асырап, сол арқылы шәкірттеріміздің ас-суын қамтамасыз етіп отырмыз. Сондай-ақ, артылғанын саудалау арқылы медресеміздің қаржылық жетіспеушілігін шешетін кіріс ретінде пайдаланып отырмыз» деді.

Бұдан кейін Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе қаласы, Батыс-2 шағын ауданынан салынып жатқан жаңа медресе-колледждің құрылыс орнына барды. Құрылыс ғимаратын аралап, болашақ жоспарларымен танысты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру