Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Жәнібек ауданы жамағатымен жүздесті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 21.06.2021 3194 0 пікір
БҚО: Жәнібек ауданы жамағатымен жүздесті

Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келген Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабырәлиев алдымен аудан әкімі Азамат Сафималиевтің қабылдауында болды. Сонан кейін ол аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевпен бірге аудандық Ардагерлер үйіне барды.  

Мұнда қонақтарды Жәнібек ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерсайын Құбашев бастаған аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері күтіп алды. Аталмыш ұйым төрағасы дін өкілдеріне ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжейлі түсінік берді. «Қуыс үйден құр шықпа» деген, келген қонақтар ардагерлер жайған шағын дастарханнан дәм татып, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды, ауданымыздан шыққан батырлар мен өнер адамдары туралы айтылды. 

Өз кезегінде Бақытжан Құралбайұлы аудан ардагерлерінің басыбайлы ғимараты барлығына, аудан әкімдігімен бірлесіп атқарып отырған жұмысына ризашылығын білдірді. Ардагер-ұстаз Қабаш Жүнісов қонақтарға ақ батасын берді. Бұдан кейін аудандық мешіттің бас имамы Есенболат Абдуғалиев бастаған дін өкілдері аудандық музей бөліміне саяхат жасады.

Бас имам аудан, ауыл мешіттеріне арнайы барып, мешітке жиналған бірге намаз оқылып, бірлік жайында уағыз айтып, сауалдарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру