Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Ауыл мешітінің атауы өзгерді

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 18.06.2021 2474 0 пікір
Маңғыстау: Ауыл мешітінің атауы өзгерді

ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында әр аймақтағы мешіттерге тарихи тұлғалар, дін жанашырлары, батырлардың есімін беруге байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шешіміне сәйкес Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Таушық ауылдық мешітіне Төлесін молданың есімі берілді.

Таушық ауылында өткен салтанатты шараға Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақұлы, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, облысымызға қарасты қала, аудан бас имамдары, жергілікті ақсақалдар және ауыл тұрғындары қатысты.

«Бүгін Алланың қалауымен көптің тілегі қабыл болып, Ержан хазіреттің ізбасары болған, көрнекті дін қайраткері Төлесін молданың есімі қайта жаңғырды. Бұл киелі Маңғыстау топырағынан шыққан дін тұлғаларының есімдерін өшірмей, келешек ұрпақтың жадында сақталу жолында өкілдігіміз тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың бірден-бір көрінісі. Таушық мешітінің жаңа есімі баршамызға құтты һәм қайырлы болғай», деді Әнуар Ізімбайұлы.

Ауыл халқы мешітке Төлесін молданың есімін беру жөніндегі ұсыныстарына қолдау білдірген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына өз алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру