Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде жамағатқа ҚМДБ қабылдаған «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты кеңінен насихатталуда.
Құжат екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде зират көтерудің үкімдері, зират көтеру мәдениеті, теңдік ұстанымы, құлпытас қою мәдениеті, зират құрылыстары мен кесене салу түрлері қамтылған.
Екінші бөлімде зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар, кесенелерді зиярат жасау, әйелдердің зиярат жасауы сынды бірқатар мәселелерге айрықша мән берілген.
Бүгінде зиярат жасауды бір тәртіпке келтіріп, жалпыға ортақ мәдениетті қалыптастыру – аса маңызды істің бірі. Осыған орай Ақтөбе облысының мешіттерінде имамдар жергілікті халыққа қабірстанға зиярат еткен кездегі және марқұмды жерлеген уақыттағы әдептер мен тәртіптерді егжей-тегжейлі түсіндіру бойынша жұмыс жүргізуде.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
17.06.2021
2786
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру