Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы «Сүндетке отыру – Пайғамбарлардың жолы, әр мұсылманның міндеті» атты балаларды тегін сүндетке отырғызу қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында 15 бала сүндетке отырғызылды. Шараның ойдағыдай өтуіне хирург Әсет Абдрахманұлы және уролог Әнуар Әбутәліпұлы үлкен азаматтық танытты. Сондай-ақ қазіргі пандемия жағдайына байланысты барлық санитарлық талаптар толық сақталды.
Мешіттің бас имамы Дархан Қосылбаев біліктілік танытқан мамандарға шын жүректен шынайы алғыс білдіріп, оларға қасиетті Құран Кәрімді, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны арқау болған «Адамзаттың асыл тәжі» кітапбын тарту етті.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
15.06.2021
3057
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру