ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Ақтөбе облысына бас имам болып тағайындалған Серікжан Еншібайұлыорталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жиналыс өткізіп, ұжыммен танысты.
Бұл міндетті осыған дейін атқарған Төлеби Оспан жаңа бас имамға мешіт ұжымын таныстырып, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі. Төлеби Дәділұлы 5 жыл бойы дінге қызмет ету жолында қолдау білдіріп, жанынан табылған ұжымға шексіз алғысын білдірді.
Бас имам қызметін қабылдап алған Серікжан Еншібайұлы ұжымдағы әр қызметкердің атқаратын қызметтеріне көңіл бөліп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып шықты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
14.06.2021
3056
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру