Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Бөлім басшысы өңір имамдарымен кездесті

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 11.06.2021 2257 0 пікір
Ақтөбе: Бөлім басшысы өңір имамдарымен кездесті

ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Ақтөбе облысына іс-сапармен келді.

Алдымен Ақтөбе облысына тағайындалған жаңа бас имамды таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берген соң, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Ақтөбе облысы имамдарымен кездесті.

Кездесу барысында Нұрбек Әуесханұлы имамдардың қоғамдағы рөлі мен халықпен етене араласатын дін қызметкерлерінің бойынан табылу керек болған әдептерге тоқталды. Имамдардың жүріс-тұрысына қарап, бүкіл Ислам дініне баға берілетінін ескере келе, имамның тұлғалық бейнесі мен келбетіне тиісті болған сипаттарға мән беру керек екенін жеткізді.

Сонымен қатар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Ақтөбе облысы имамдарына жолдаған ыстық сәлемін жеткізе келе, діни басқарма өз қарамағындағы имамдар мен ұстаздарды қашан да қолдауға дайын екенін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру