Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ТАСАТТЫҚ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.06.2021 3850 0 пікір
ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ТАСАТТЫҚ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

Жаз мезгіліндегі қуаңшылыққа байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің бірқатар өңірінде тасаттық (истисқа) намазы оқылып, құрбан шалынды.

Атап айтқанда, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Семей өңірінде ауылдық жерлерде құрбан шалынып, дұға жасалса, Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ауласына жиналған жамағат тасаттық намазын оқып, дұға тіледі.

Ел мен жердің берекесін сұрап, бейбітшілігін тілеген имамдар мен тұрғындар осылайша Бас мүфти бастамасына үн қосты. Сондай-ақ имамдар жамағатқа жауын тілеу мақсатында оқылатын истисқа намазының мән-мағынасын түсіндіріп өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру