Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ел үлесі – пәтерге»: Үш отбасы үйлі болды

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі qyzyljarmeshit.kz 11.06.2021 2673 0 пікір
«Ел үлесі – пәтерге»: Үш отбасы үйлі болды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Уәлиханов ауданында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясымен 3 мұқтаж отбасы баспаналы болды.

Салтанатты іс-шараға қатысқан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Аманжолұлы көмекке мұқтаж отбасыларға 426, 427 және 428-үйлердің кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.

Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті жамағаттан біраз адам ат салысты.

Мерейлі іс-шарада үйлі болған үш отбасы да игі жобаның басы-қасында жүрген барша азаматтарға, мешіт имамдары мен жамағатына шексіз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру