Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Имамдарға арналған курс басталды

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 10.06.2021 2602 0 пікір
Алматы: Имамдарға арналған курс басталды

Нұр-Мүбарак университетінде Алматы қаласындағы имамдарға арналған «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы» атты үш күндік семинар басталды.

Біліктілікті арттыру курсының ашылуында Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Нұр-Мүбарак университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы және «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан курста университеттің оқытушы ғалымдары, білікті теолог-сарапшылар дәріс береді.

Енді алматылық 100 діни қызметкерге 9-11 маусым күндері 18 академиялық сағат дәріс тыңдайды. Бес топқа бөлінген имамдарға дәстүрлі құндылықтар және деструктивті діни ағымдардың идеологиясын ұстанушылармен жүргізілетін жұмыстың негізгі әдістері туралы жан-жақты дәрістер қамтылған. Яғни деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды дерадикализациялау, заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің үстемдігі, дәстүр мен діннің үйлесуі жайлы тақырыптарға негізделген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру