ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жұмысын бастады.
Жазғы сауат ашу курстарында «Қызылжар» орталық мешітінің білікті ұстаздары балаларға дәріс беріп, сабақ барысында балдырғандарға Құран әліппесі, иман әдебі мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны секілді тағылымы мол сабақтар үйретеді.
Сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылады. Биылғы діни сауат ашу курсының алғашқы күні «Қызылжар» орталық мешіті 20 қыз бала, 40 ер бала, барлығы 60 шәкірт қабылдады.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі
10.06.2021
3184
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру