Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірлікке қатысты өсиетін ту еткен Қарағанды облысы, Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің дін қызметкерлері және жамағаты қала сыртына серуенге шықты.
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен жүзеге асқан игі шараның мақсаты – мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттау.
Дала көгінде өткен шара барысында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, табиғат аясында ақ дастархан жайылып, имамдар кішігірім уағыз-насихатын айтты.
«Бұл – дін қызметкерлерінің, жамағаттың ынтымағы мен береке-бірлігін арттыратын серуен болды. Алдағы уақытта да, санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, осындай іс-шаралар санын көбейтпекпіз. Алла баршамызға жар болсын!» деді Естай Айтуғанұлы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
09.06.2021
3461
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру