Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Іс-шаралар 30 жылдыққа арналады

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 08.06.2021 2228 0 пікір
Түркістан: Іс-шаралар 30 жылдыққа арналады

Түркістан облыстық мешітінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жиын өтті. Басқосуға аудан имамдары қатысты.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов алдағы алты айға жоспарланған ірілі-ұсақты іс-шаралардың барлығы 30 жылдыққа арналатынын айтты. Ол үшін әр ауданда тарихшы ғалымдардың қатысуымен танымдық семинарлар, спорттық ойындар, Құран жарыстары өткізіледі.

Еркебұлан Ыбрайымұлы Тәуелсіздіктің ең басты байлық, дін қызметкерлері ретінде ел игілігі үшін аянбай қызмет ету азаматтық борыш екенін айтты. Іс-шаралар легі бекітілді.

Сондай-ақ аудан имамдарына жаңадан тағайындалған облыстың наиб имамы Самат Анарбаев, Төлеби ауданының бас имамы Үсен Сауырбаев, Сауран ауданының бас имамы Талғат Сейдәлиев таныстырылды. Жиналыс барысында бөлім жетекшілері өз жұмысын баяндады. Имамдарға есеп беру үлгісі ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру