Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Мешіт жанынан асхана ашылды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 07.06.2021 3142 0 пікір
БҚО: Мешіт жанынан асхана ашылды

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала аудандық мешіт ғимаратының жанынан көпшілікке арналған асхана ашылды.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы мен аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы, аталмыш мешіттің бас имамы Жомарт Лұқпанов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Алдымен облыстың бас имамы Бақытжан Құралбайұлы сөз алып, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, елжанды азаматтардың еңбегін айтып, асхана игілікті шараларға толы толсын деп дұға жасады.

Мешіт жанынан сән-салтанаты жарасқан үлкен асхананың ашылуы аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды. Асхана ешбір салтанат сарайынан кем түспейді. Барлық қажетті жабдықтармен қамтамсыз етілген.

Бұл – аудандың жомарт жандарының тұрғындарға арнаған сыйы. Асхананың салыну жолында демеушілік жасаған бірнеше азаматтар алғыс хатпен марапатталды. Бұл ғимаратта аудан тұрғындары түрлі діни, дәстүрлі шараларға, атаулы күндерге орай ас беруіне болады. Бұл, әсіресе Жаңақала ауданының тұрғындары бұрыннан бері салынуына ниет қойып келе жатқан ғимарат болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру