ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігі және облыстық дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы бірлесіп «Намаз оқымайтын адам кәпір дейтіндерге жауап» тақырыбында онлайн семинар өткізді.
Семинарға орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамдары, ұстаздарымен қатар қала, аудан, ауыл мешітінің имам-молдалары мен дін қызметкерлері қатысты.
Семинар модераторы облыстық Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының сарапшы теологы Жолдас Қоспақұлы болды. Семинар дәрісін Нұр-Мүбарак университеті Исламтану кафедрасының аға оқытушысы Нұржан Стамбакиев өткізіп, қатысушыларға аталған тақырып бойынша кең көлемде дәріс жүргізіп, түрлі сұрақтарға жауап берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі
03.06.2021
2950
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру