Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Науқас балаларға жәрдем берді

Қарағанды облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 03.06.2021 3006 0 пікір
Қарағанды: Науқас балаларға жәрдем берді

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Абдрахмановтың ұйымдастыруымен «Үміт» оңалту орталығында іс-шара өтті.

Қалалық «Қазыбек би» мешітінің дін қызметкерлері балалардың жанына демеу болып, жүрекке жылу сыйлар ізгі тілектері мен батасын арнады. Сондай-ақ жас жеткіншектердің көңіліне медеу мен қуаныш сыйлау мақсатында оларға әртүрлі сыйлықтар мен тәттілер берді.

Кездесу соңында Құран бағышталып, дұға оқылды. «Қазыбек би» мешіті тарапынан атқарылған қайырымдылық шарасына аурухана қызметкерлері мен ем алушы жеткіншектер алғыс жаудырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру