Еліміздегі ең ірі кондитерлік желілердің бірі – «Тәп-тәтті» өнімдері «QMDB halal» сертификатына ие болды.
Мекеменің Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 цехы мен 11 сату дүкені «Тамақтандыру қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталды. Діни басқарманың қара шаңырағына арнайы келген «Тәп-тәтті» кәсіпорнының өкіліне «QMDB halal» сертификатын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
«Бұл кондитерлік кәсіпорын 2008 жылы құрылып, 2009 жылы өз өнімдерін сатумен айналыса бастады. Әуелгіде 6 адам қызмет етсе, қазір 300-ден астам қызметкерді жұмыс орнымен қамтуда. Өндірісте көпжылдық тәжірибесі бар кәсіби кондитерлер мен көптеген жас мамандар қызмет атқарады. Кондитерлік өнімдер ешқандай дәм күшейткішсіз, алмастырғышсыз, табиғи әрі балғын өнімдерден дайындалады. Өндіріс орнында жаңа технологиялар мен заманауи құрылғылар қолданылады» деді Айбек Асқарбекұлы.
Бас сарапшы-технолог Айжан Қалмаханқызы кондитерлік желісінің Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 цехы мен сауда орындарты толықтай тексерістен өткенін атап өтті. «Тиісті өнімдерге лабораториялық сынақ жүргізілді. Жасалу технологиясына және жұмсалатын шикізат көзіне орай кондитерлік өнімдер – қантты және ұнды болып бөлінеді. «Тәп-тәтті» кондитерлік кәсіпорны ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерді ұсынады. Бұл өндіріс орнының өзгелерден басты ерекшелігі – табиғи, таза шикізаттарды ғана қолдануы. Сондықтан еш күмәнсіз «Тәп-тәттінің» тәтті әрі халал өнімдерін тұтынуға болады» деді ол.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
halaldamu.kz
01.06.2021
4092
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру