Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Мешіт шәкірттеріне сыйлық берді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 01.06.2021 2865 0 пікір
ШҚО: Мешіт шәкірттеріне сыйлық берді

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мешіті 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мешітте тәлім алып жүрген белсенді шәкірттерге ақшалай сыйлық берілді.

«Мешітіміздегі сауат ашу сабақтарына белсенді қатысып, қасиетті Құранды ынталы жаттап жүрген, әдепті, иманды, білімге құмар шәкірттерді марапаттау мақсатында балалар мерекесіне орай осы шараны әдейі ұйымдастырып отырмыз. Балаларға қуаныш сыйлаудың өзі – шынайы бақыт. Асыл дінімізде Құран жаттауға, білімге құмар болуға аса маңыз берілген» деді Күршім аудандық мешітінің бас имамы Тілейбек Соянұлы.

Мешітте өткен бұл іс-шара балаларға мерекені шынайы сезіндірді. Сыйлыққа ие болған балалардың ата-аналары аудандық мешітке алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру