Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Еркін форматтағы сұхбат

amin.kz 01.06.2021 2990 0 пікір
Атырау: Еркін форматтағы сұхбат

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде сұхбат берді.

Пара алудың қоғам, ұлт болашағына зияны, жемқорлықтың діндегі үкімі туралы айтқан Алтынбек Ұтысханұлы жаман қасиеттерді жақсы қасиеттермен алмастыруға шақырды.

«Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған. Яғни әр адам өзін парасатқа тәрбиелеу керек. Қай салада болмасын, адам адал еңбек етуге ұмтылу қажет» деді бас имам.

Әлеуметтік желілер арқылы тараған еркін форматтағы сұхбатты Алтынбек Ұтысханұлынан  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру