Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Жазғы діни сауат ашу курсы басталды

Павлодар облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 01.06.2021 4249 0 пікір
Павлодар: Жазғы діни сауат ашу курсы басталды

ҚМДБ Павлодар облыстық өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттері жылдағы дәстүр бойынша балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсының жұмысын бастады. Курс 21 маусымға дейін жалғасады.

Ата-аналары жетектеп, алғаш рет діни сауат ашуға келген кішкентай шәкірттерді қабылдаған облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы оқыту барысындағы ата-аналар мен мешіттер арасындағы міндеттерді пысықтай келе, олардың қасиетті ілім үйрену жолына табыс тіледі.

«Бұл игі шараның негізгі мақсаты – жазғы демалыс мезгіліндегі балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу» деді Жолдас Қоспақұлы.

Жазғы сауат ашу курстарында орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің білікті ұстаздары балаларға дәріс беріп, сабақ барысында балдырғандарға Құран әліппесі, имандылық сабақтары, арабша үйрену секілді тәлімі мол дәрістер үйретіліп, олардың діни ілімдері шыңдалды.

Биылғы діни сауат ашу курсының алғашқы күні «Мәшһүр Жүсіп» мешіті 8-13 жас аралығындағы 30 қыз бала, 30 ер бала, барлығы 60 шәкіртті қабылдады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру