Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арқалықтың балалары арқа-жарқа болды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.06.2021 2999 0 пікір
Арқалықтың балалары арқа-жарқа болды

Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаладағы Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мекемесінің бүлдіршіндерін қуанышқа бөледі.

«Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Қосылбаев бастаған мешіт қызметкерлері мекемеде тәрбиеленіп жатқан 50 балаға ішіне тәтті тағамдар салынған 50 пакетті тапсырды.

«Балдырғандардың жүзінен қуаныш нышанын көруден асқан бақыт жоқ. Ал балалар қолына сыйлық алған кезіндегі сәтті тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады» деді бас имам.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру