31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды қаласында кеңестік солақай саясаттың салдарынан жазықсыз жапа шеккендерді еске алуға арналған игі іс-шара өтті.
Қарағанды қаласының зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері және ассамблея мүшелері қатысқан еске алу шарасына ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Мұсабеков қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Рухани шараға сондай-ақ, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қала тұрғындары да қатысты.
Біз тарихтағы зобалаң жылдардың зардабын ұмытпауымыз керек. Өйткені, біз тарихтың ауыртпалықтарынан сабақ алып қана алға қадам басамыз. Келешекте мұндай қасірет қазақ жерінде болмасын. Ал, бүгінгі ұрпақ бейбіт өмірдің қадірін білуі тиіс.
Жиналған көпшілік, қала басшылығы мен шаһар тұрғындары монумент алдына гүл шоқтарын қойып, алдыңғы буынға құрмет көрсетті.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
31.05.2021
3503
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру