ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Ақтөбе облысына іссапары барысында Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында «Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығында» пробация тізімінде тұрған азаматтармен кездесті.
30-қа жуық адам қатысқан кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылып, тиянақты жауап қайтарылды. Артынша жат ағымның алдын алу мақсатында РАНТ мүшесі ДДА ұстанушыларын оңалту және радикалды діни көзқарастарын бейтараптандыру мақсатында жеке кездесу өткізді.
Сондай-ақ, Батыржан Берденұлы Қандыағаш қаласы, «Қадірәлі ата» мешітінде түскілік бесін намазының алдында жергілікті жамағатпен жүздесіп, уағыз жүргізді. Жамағаттың ауызбіршілікке шақырып, ынтымақтың маңыздылығын айтты. Өз кезегінде мешітке келген намазхандар өздерін толғандырған сауалдарға дін маманы тарапынан толыққанды жауаптар тыңдады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
31.05.2021
3716
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру