Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Ихсан ілімі және әйел мәртебесі» семинары өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 27.05.2021 3084 0 пікір
ШҚО: «Ихсан ілімі және әйел мәртебесі» семинары өтті

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асып жатқан Ихсан ілімін насихаттау аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық «Ұранхай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Ихсан ілімі және әйел мәртебесі» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Іс-шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының аймақтағы жетекшілері, шәкірттер мен мешіт жамағаты қатысты. «Ихсан – иманның өзекті саласы. Қазіргі уақытта рухани тәрбиені дамыту бағытында келелі істер атқарылып жатыр. Сондықтан Ихсан ілімін кең көлемде насихаттаудамыз. Бүгінде қыз тәрбиесі қоғамдағы аса маңызды мәселенің бірі болып отыр. Жиынның маңыздылығы да осында» деді «Ұранхай қажы» мешітінің бас имамы Айдын Жортымов.

Жиында ауданға белгілі үлгілі қыз-келіншектер сөз алып, рухани тәрбие және әйел мәртебесі хақында салауатты ойын ортаға салды. Семинарда бас имам алдағы уақытта Ихсан ілімін дамыту бағытында аудандық мешіт тарапынан жоспарланып отырған іс-шаралар жайлы таныстырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру