Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада өткен рухани жиынға қатысты.
Облыстық кітапханада өткен іс-шараға тарихшы, өлкетанушы Алқажан Еділхантегі, мекеме директоры Зәуре Жаншақызы, жазушы Кенжебек Сержан, сондай-ақ қала және аудан имамдары қатысты.
Әнуар Ізімбайұлы жиналған қауымға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен қазақ және орыс тілдерінде шыққан «Тәпсірлердің таңдаулысы» төрт томдық кітабын таныстырды.
«Мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ағамыз айтқандай «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана». Бұл жинақ – дін саласындағы теңдесіз еңбектердің бірі. Сол себепті, кітапхана сөрелерінде осындай туындылардың болғаны абзал», дей келе мекеме ұжымына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізе отырып, облыстық кітапханаға аталмыш жинақты тарту етті.
Өз кезегінде, рухани қазына ордасының басшысы Зәуре Жаншақызы Бас мүфтиге алғысын білдіре отырып:
«Бұл – кітапханамызға берілген құнды жинақтардың бірі. Қалың оқырманның бұл кітаптармен танысуына бар мүмкіндікті жасаймыз» деп айтты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
26.05.2021
3638
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру