Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Көкпаршылар сайысқа түсті

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 26.05.2021 3298 0 пікір
БҚО: Көкпаршылар сайысқа түсті

БҚО Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Әйтенов бастамасымен, ерікті жамағат қолдауымен көкпаршылар ойыны өтті.

Алдымен аудан имамы Ерлан Бауыржанұлы сөз алып, жаппай көкпаршыларға сәттілік тіледі. Ал Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылдық «Зинел ана» мешітінің имамы Тұрсынғали Қожапов арнайы дұға жасап, батасын берді.

30-ға тарта көкпаршылар келіп, ойынды қыздырып, тартысты, әрі қызықты өткізді. Ең көп салым салған көкпаршыға 80 000 теңге көлемінде сыйақы берілді.

Ойын соңында табиғат аясында ақ дастархан жайылып, Ерлан Бауыржанұлы жиналған қауымға «Жамағаттың бірлігі» жайында уағызда айтып, толғандырған сауалдарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру