Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Мендіқара ауданы әкімімен жүздесті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.05.2021 3204 0 пікір
Қостанай: Мендіқара ауданы әкімімен жүздесті

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы және наиб имам Әлішер Ертайұлы Мендіқара ауданының әкімі Нұрлан Жеңісұлымен кездесті.

Кездесуде өңірдегі діни ахуалдың жай-жапсары және мешіт жанынан асхана құрылысын жүргізу жоспары талқыланды. Сондай-ақ Бахытбек Тәжімбет Мұхамеджан Қарабаев атындағы облыстық оңалту орталығының ұжымымен жүздесті. Жүздесуде Ислам дінінің өткен кезеңдегі тарихы, оның мәні мен мақсатына жан-жақты тоқталды.

Әлішер Балахмет өзекті мәселелер бойынша Меңдіқара аудандық әскери комиссариат қызметкерлерімен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар аудандағы нан өнімін шығаратын наубайхананың тыныс- тіршілігімен танысып, сертификат алушыларға қойылатын талаптар жөнінде түсіндірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру