Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Мешіттерде тасаттық берілді

Павлодар облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.05.2021 2954 0 пікір
Павлодар: Мешіттерде тасаттық берілді

Халқымыздың әдет ғұрпында Ислам дінінен бастау алған құрбандық шалынып, тасаттық жасау дәстүрі бар. Ол әсіресе жауын-шашын аз болған кездері жүзеге асырылады. Мұны барша халық біледі әрі жан-жақты түсінеді.

Таяуда Павлодар өңірінің біршама мешітінде (Аққулы, Успен, Павлодарский, Екібастұз, Ақсу, Ақтоғай, Железин ауданы имамдарының ұйымдастыруымен) құрбандық шалынып, оған мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары, имам-молдалар атсалысты. Ал құрбандық еттері мұқтаж жандарға, дін жолында оқып жатқан шәкірттерге таратылды.

Содан кейін шариғат талаптарына сай Алла Тағаладан жауын тілеу намазы мен дұғасы оқылды. Нәтижесін елдімекендердегі халық сол мезетте ақ сезінді.

Мұсылман бауырларымыздың тілектері қабыл болып, биыл егілген тұқым бітік шығып, қамбамыз мол астыққа толсын! Диқандардың еңбегі жанып, ырыс-берекесі арта берсін!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру