Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Жетісайда жаңа мешіт ашылды

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.05.2021 3621 1 пікір
Түркістан: Жетісайда жаңа мешіт ашылды

Түркістан облысы Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Өркенді ауылында Айдархан Өтенұлы атындағы жаңа мешіт ашылды.

Мешіттің ашылу салтанатына Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, ауданның құрметті азаматы Жамантай Бейсенбаев, ауданға белгілі ақсақалдар және мешітті салуға мұрындық болған Утановтар әулеті қатысты.

Бас имам Еркебұлан Қарақұлов Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, мешіттің ашылуына себепкер болған азаматтарға сый-сияпат табыстады. Айта кетейік, 300 орынды мешітте имам бөлмесі, дәрісхана және дәретхана бар.

Бұдан бөлек өңірдің бас имамы Жетісай ауданында тұратын 2 отбасыға баспана кілтін табыстады. Іс-шараға сондай-ақ аудан имамы Жорабай Дудатбаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразбек Шыршықбаев және мешіт жамағаты қатысты.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында берілген 402, 403-пәтерлер жалғызбасты, көпбалалы аналар Роза Адилова мен Жауһар Шотановаға берілді.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Азамат | 04.08.2021 12:19

      Айдархан атам өте керемет адам еді, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болып, жаны жәннаттың төрінен болуды жазсын Аллам!

     Жасаған дұға-тілектеріміз қабыл болсын!