Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Аспаздарға арналған семинар өтті

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 24.05.2021 2810 0 пікір
Павлодар: Аспаздарға арналған семинар өтті

ҚМДБ-ға қарасты «Халал даму» сертификаттау ұйымының бас сарапшысы Айжан Омарова Павлодар облысындағы мешіттердің Әйел-қыздар секторының жауаптылары және мешіт асханаларында жұмыс істейтін аспаз, технологтармен кездесіп, арнайы семинар өткізді.

Айжан Қалмаханқызы алдымен ҚМДБ мен «Халал дамудың» қазіргі таңдағы еліміздегі атқарып жатқан ауқымды іс-шараларымен таныстыра келіп, ары қарай халал өнімдерді стандарттау және сертификаттауға қойылатын талаптар мен ерекшеліктер, халал өндіріс технологиясы, тағамдық қоспалар, бақылау-қадағалау шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

«Халал ас тұтыну – әрбір мұсылман үшін маңызды. Жалпы тұтынушыларға шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызын,талабын түсіндіру сіз бен біздің міндетіміз. Сол себепті, халал жөнінде барлығымыздың терең біліміміз бен түсінігіміздің болуы шарт» деген Айжан Омарова семинарға қатысушылардан қойылған көптеген сұрақтарға жауап беріп, мәселелердің шешімін табу жолдарын түсіндірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру