Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Индер мешіті жанынан жаңа нысандар ашылды

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 24.05.2021 3952 0 пікір
Атырау: Индер мешіті жанынан жаңа нысандар ашылды

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданының орталық мешіті жанынан ашылған жаңа нысандардың ашылу рәсіміне қатысты.

Бір күнде Индер орталық мешіті жанынан үш жаңа нысан қолданысқа берілді. Жаңа нысанның бірі – дәрісхана. Заман талабына сай жасақталған дәрісханада ұстаздар сауат ашу курсында білім алып жүрген шәкірттерге дәріс оқиды.

Сондай-ақ, Индер ауданының орталық мешіті жанынан асхана ашылды. Құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған асхана нысанының тұрғызылуына тұтас ауылдың үлесі бар. Және мешіт жанынан дүкен жұмысын бастады. Мұнда дінге, намазға, шариғатқа қызығушылық танытқандар үшін арнайы заттар сатылады.

Бұдан бөлек Алтынбек Ұтысханұлы Индер ауданына қарасты Өрлік ауылында басталған мешіт құрылысының іргетасын қалау рәсіміне арнайы қатысқан болатын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру